Тапсырмалар жедел орындалуы керек

Президентіміз Жолдауда өңірлердің бюджет саласындағы дербестігін арттыруға арналған нақты тапсырмалар берді. Соған сәйкес салық төлемдерінің бір бөлігін аймақтарға беру көзделіп отыр. Бұдан былай аудандық әкімдіктер бюджетті өздері жасақтай алады. Бұл, өз кезегінде, жергілікті жердегі мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырады. Осы ретте әкімшілік реформаның жалғасатынын атап өту қажет. Соған сәйкес Үкімет мүшелері мен әкімдердің жауапкершілігі артады. Мемлекеттік жоспарлау барынша жинақы және икемді бола түседі. Мемлекет басшысының осы және өзге де бастамалары, ең бірінші кезекте, азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға және экономикамызды әртараптандыруға бағытталған. Қазіргі таңда әлемдегі ахуал өте күрделі. Аталған бастамаларды іске асыру осы шешуші кезеңде еліміздің теңгерімді және сапалы дамуына тың серпін береді. Осы орайда ерекше назар аударатын жайт, айтылған тапсырмалардың басым бөлігі үш жылдың ішінде жүзеге асуға тиіс.

Нұрзада Ғалымова,
Талдыбұлақ ауылының тұрғыны

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *