Халқымыз үшін маңызы ерекше күн

25 қазан –Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Декларацияға қол қойылған күн. Бұл күн Қазақстан халқы үшін жаңа бақыт пен бетбұрыс әкелген тарихи мәні зор, сан жылғы арманға қол жеткізген күн болып есептеледі. Тәуелсіз мемлекетіміздің қоғамдық саяси құрылымын өзгертіп, нарықтық экономикаға негізделген демократиялық жолмен алға басуы дәл осы күннен басталды. Егемен елдің ертеңге деген қарышты қадамы сол күннен бастау алды. Қазақ халқы ғасырлар бойы өмір сүргенімен тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы осы күннен қаланды. Тәуелсіз елдің болашақ үшін жаңа қадамы басталды. Содан бергі арада өткен 33 жыл еліміз бедерлі белестерді бағындырып, асқарлы асулардан төбе көрсетті. Жер жаһан әлемде қазақ деген ел мен Қазақстан деген мемлекеттің бар екенін білді, таныды, таңырқады. Сол жылы бесігінде бөбек болып іңгәлаған бөпелеріміз ат жалын тартып міңген азамат, орда бұзар отызды бағындырған тәуелсіз елдің тіректеріне айналды. Шүкір, елдігіміздің мызғымаз белгісі болып көк аспанда көк туымыз желбіреп тұр. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз ғұмырлы болсын.

Әбүйірхан Төлеуов,
еңбек ардагері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *