Тұғырың мықты болсын туған елім

25 қазанда қоғам өміріндегі жарқын мереке -Республика күнін атап өткелі отырмыз. Бұл күннің халқымыз үшін тарихи маңызы бар ерекше күн. Дәл осы күні мемлекеттік егемендігіміз туралы Декларация қабылданып, тәуелсіздікті аңсаған ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы асқақ арманы орындалды. Мемлекетіміздің қайта өрлеуі мен жаңаруына жол ашылды. Қоғамдық өмірдің барлық саласында реформалар жүргізуге мүмкіндік туды. Мемлекеттің ең басты құндылығы адам және азаматтардың бостандығы мен құқықтары деп жарияланды. Республикамыздың тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен экономикамызды дамыту бағытындағы жұмыстар жүргізілді. Кеңестік жүйеден босағанымызда босаңсып, қайда жүрерімізді білмесек көшбасшылардың алға қойған мақсаты айқындалып, алға жетеледі. Содан бергі аралықтағы 33 жыл талай тарихи оқиғаларға толы болғанымен ел арасындағы бейбітшілік пен ымыра үстемдік құрды. Ел еңсесін тіктеп, елдік мұратты ұстана бастады. Егемендіктің, тәуелсіздіктің қастерлі екенін ұғынған тәуелсіз елдің ұландары озық елдердің қатарына көріну үшін барын салып еңбек етуде. Әлемдегі озық елдердің даму тәжірибесін көріп, біліп, соны қолданысқа еңгізуде. Бұл үшін үлкен мүмкіндіктер жасалуда. Қазақ елінің Ұлы мерекесі Республика күні құтты болсын. Ел іргесі тыныш, мемлекетіміз бай-қуатты болсын.

 

Махаббат Балабаева,
аудандық білім бөлімінің басшысы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *