Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары

«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 13.12.2001 жылғы Заңына сәйкес Қазақстанда мемлекеттік мерекелер мен қатар кәсіби мерекелер тойланады. Соның бірегейі Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке — 25 қазанда атап өтілетін Республика күні болып табылады. Ұлттық мереке — Қазақстан мемлекеттілігінің дамуына елеулі ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметіне Қазақстан Республикасында белгіленген мереке болғандықтан орны бөлек мереке. Жаңаарқа ауданы прокуратурасының ұжымы Республика күні – Қазақстанның басты және жалғыз мемлекеттік мерекесімен Сіздерді шын жүректен құттықтайды. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілік әрқашан Республикамыздың жаңа жетістіктерге жетуіне, гүлденуіне үлес қоса берсін. Республика күні құтты болсын!

Қанат Қайроллаұлы Таттекенов,
Жаңаарқа ауданының прокуроры

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *