Пара – ресми қылмыс

Сыбайлас жемқорлық – тәуелсіз Қазақстанның, бүгінгі қоғамның өзекті де күрделі мәселелерінің бірі. Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ. Сыбайлас жемқорлық–тәуелсіз Қазақстанның, бүгінгі қоғамның өзекті де күрделі мәселелерінің бірі. Негізі «сыбайлас жемқорлық», «пара» деген ұғымдардың астарын ашып, мән-мағынасына үңілер болсақ, бұл ұғымдар сонау сан ғасыр, сан мың жылдар бұрын пайда болғанын тарих дәлелдейді. Пара – бұл тек ресми қылмыс қана емес, сыбайлас жемқорлықтың типтік көрінісі болып табылатын ең қауіпті және кең таралған құбылыс. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемлекеттердің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *