Адам саудасы-ғаламдық мәселе

Адам саудасы – бүгінгі күні ғаламдық проблемаға айналған қылмыс түрі. Сондықтан әлем елдері қоғамды шырмаған қылмыстың осы түрімен бірлескен түрде күресіп келеді. Қазақстан Республикасының Конституциясы адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын жоғары құндылықтары ретінде анықтайды. Алайда, азаматтардың бостандық, еңбек бостандығы, қызмет түрі мен кәсіп түрін еркін таңдау сияқты негізгі конституциялық құқықтары адам саудасына байланысты қылмыстың объектісі бола алады. Жәбірленішулер әйелдер де, ерлер де, кәмелетке толмағандар да болып табылатын заңсыз қанау, жалдау және құлдық қолдану тәжірибесі әлі күнге дейін жойылған жоқ. Адам саудасы заңмен жазаланатыны сөзсіз. Қорытындылай келе адам саудасын алдын алу шараларын айтып өтетін болсам қарапайым халқтың құқықтық сауатын көтеру жоспарланған құлдық және құлдыққа сатуды жасауға дайындалғандарды, яғни зорлау сияқты әрекеттерге жазалау шараларын барынша қатаңдату; жоспарланған құл саудасын жасаған адамдарға жеткілікті түрде жазалау шараларын белгілеу; адам саудасымен күресті насихаттау мемлекеттің құлдық және құлдыққа сатудың алдын алу мен болдырмау шараларын қатаң қадағалануы.

Әлима Мақсатқызы,
Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімінің
жастар тәжірбиесі бойынша маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *