Алаяқтардан сақ болайық

Қазіргі таңда Ғаламтор-алаяқтығы ең көп тараған қылмыс түрлерінің бірі болып табылады. Алаяқтардың саны артуда, өйткені Ғаламтор-алаяқтығы – оңай қол жеткізетін “табыс”, оның өзінде қомақты, бұл ретте жәбірленушімен жеке кездесудің қажеттілігі жоқ! Қазір ғаламтор желісіндегі алаяқтық қылмыстар да өсіп отыр. Алаяқтар әлеуметтік желілерде тұрмыстық заттарды сату-жеткізу парақшаларын ашып, алдын ала ақшасын тиісті есеп-шотқа аудартып алады, тапсырыс берушінің жеке мәліметтері арқылы сырттай онлайн несие рәсімдейтіндер де бар. «WhatsApp» желісінде пайыздық мөлшермен үстемақыны көбейту секілді смс хабарламаларға алданып, көрсетілген есеп-шоттарға ақша аударатындар бар. Бұл алаяқтың алпыс айласының бірі. Алаяқтардың жиі қолданатын тағы бір «сүйікті» амалы – өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстыру. Олар өз құрбандарына қоңырау шалып, шотына шабуыл жасалғанын хабарлайды. Сол себептен, тексеру жүргізген кейіп танытып, азаматтардың жеке дерегін, олардың шотында сақталған қаржының сомасын біліп алады. Осылайша сенімге кіріп, телефонға келетін құпия кодты жіберуді сұрайды.Бейқамдыққа бой алдырып, аңғалдыққа ұрынған адамдарды интернеттегі алаяқтар иіріміне тартып барады. Арам ойлылардың арбауына түскен аңғал жандар ақшасынан айырылып, қарызға белшесінен батса да бұдан сабақ алар емес. Олардың арасында алаяқтарға бірнеше рет алданатыны бар. Ал адамдардың сенгіштігін сәтті пайдаланатын алаяқтар алдын ала құрылған жоспарын іске асыру үшін өзге қалалар мен елдерді таңдайтыны белгілі.

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *