Жемқорлық-ортақ індет, оны жою баршаға міндет

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас  жемқорлықпен күрес болып табылады. Қысқаша айтқанда, болашақ ұрпақ пен біздің еліміздің гүлденуі үшін сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін өмірде иллюстрациялық мысалдарды жариялай отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кең ауқымды насихат жүргізуге күш салу қажет.

Аудандық Ішкі саясат бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *