Алаяқтық — қауіпі азаймай тұр

Алаяқтық – бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену. Алаяқтық — бұл нарықтық экономика жағдайында және кәсіпкерлік қызмет еркіндігінде кең таралған қылмыстың түрі. Интернет-қылмыскерлердің құрбаны болмас үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау керек: — паспорттық және өзге де дербес деректермен бөліспеңіз, банк карталарының нөмірлерін, пинкодты, сондай-ақ ұялы телефонға келіп түскен SMS парольдерді, тіпті егер Сізге Банк қызметкерлері ретінде таныстырған болса да бермеу қажет. — жарнамадағы ақпаратты, әсіресе жақсы басылған ақпаратты мұқият және толық оқып шығу; — кез келген ұсыныстарға сын көзбен қарау; — тауарды сатып алу (сату) кезінде алдын ала төлеуге келіспеу; — белгісіз адамдарға ақша аудармау; — күмәнді шарттармен мәмілелер жасамау; — банк қосымшалары арқылы шоттағы шығыс лимитін белгілеп, мүмкін болатын транзакциялар мөлшерін шектеу; — өз құжаттарыңызға қол жеткізуді шектеу (жеке куәлік, банк картасы), құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жолдамау; Көрсетілген мәліметтер алаяқтарға белгілі болған жағдайда, оларға алдағы уақытта микрокредиттік қаржы ұйымдарында немесе банктерде олардың атынан несиелерді оңай рәсімдеуге мүмкіндік береді.

Аудандық ішкі саясат бөлім

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *