Адам саудасына жол жоқ

Адамзат тарихындағы ең әділетсіз, адам құқығы тапталған, қанқұйлы және аяусыз мәселе – адам саудасы. бұл қылмыстың өркендеуіне ықпал ететін басты фактор – арзан жұмыс күшіне сұраныстың болуы. “Адамды саудаға салу” түсінігі– адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмілелер жасасу, сол сияқты оны пайдалану не азғырып көндіру, тасу, беру, жасыру, сондай-ақ пайдалану мақсатында өзге де әрекеттер жасау. Адамдарды оларды бұдан әрі пайдалану мақсатында бір жерден екінші жерге және Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы тасымалдау, ауыстыру адам трафигі деп аталады. Адам саудасының құрбаны болудан сақтануға байланысты кеңестер қазір ғаламторлар мен әлеуметтік желілерде көп айтылып та, жазылып та жатыр. Ал маман ретінде мен мынадай кеңестерімді берер едім. Біріншіден, кімде-кім шетелге немесе басқа да еліміздің ішіндегі жұмыс орындарына (мысал ретінде шалғайдағы мал шаруашылығы және т.б.) барар алдында еңбек келісімшартын жасау керек. Қол қойылатын, ұсынылатын келісімшартты мұқият оқып, бір нұсқасын өзіңізде қалдырғаны жөн. Сонымен бірге міндетті түрде медициналық сақтандыру шарттары қарастырылуы тиіс.Яғни медициналық сақтандыруды алуы қажет. Екіншіден, шетелге баратын болса, тиісті виза түрін алатын кезде, жұмыс істеу құқығы берілетіні туралы білу қажет. Барлық құжаттарыңыздың кем дегенде екі данасын жасап, бір данасын өзіңізбен алыңыз да, екіншісін туыстарыңызға қалдырыңыз. Бұл сіздің қолыңыздан құжаттарыңызды тартып алғанда немесе құжаттарыңызды жоғалтқан кезде көмектеседі. Сондай-ақ құжаттарыңызды көші-қон қызметі мен құқық қорғау органдарының өкілдерінен басқа ешкімге ешбір жағдайда бермеңіз. Себебі сіздің төлқұжатыңызды өзіңізден басқа ешкім ұстамауы қажет.

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *