ОҚЫРМАН ХАТЫ АЛҒЫС БІЛДІРЕМІН

ОҚЫРМАН ХАТЫ
АЛҒЫС БІЛДІРЕМІН

Медициналық сақтандыру қорының Ұлытау облыстық филиалы мамандары ақпараттандыру жұмысы аясында апта сайын ұжымдармен кездесетінін бұған дейін де жазған едік. Бүгін біздің редакцияға хабарласқан Мереке Исаева осындай жиындардың бірінде түйткілді мәселесі оң шешімін тапқанын айтып хабарласты. Сұрағына құлақ асып қана қоймай, дер кезінде әрекет еткен мамандарға алғысын жеткізуді өтінді.
–Тамыздың соңында бәріміз сынап, мінейтін «ОСМС»-тың мамандары менің жұмыс орныма келді. «Ұжымды жинап, түсіндірме жұмысын жүргіземіз» дегеніне күмәнмен қарадым. Қатысуға ынта таныта қоймайдым. Асықпай шаруамды бітіріп, кездесудің ортасына қарай бірақ бардым. Әріптестерім «Сенің сұрағын бар ғой. Айтсайшы» деп қолқалады. «…Шындықты айтайын, көңілім толмайды. Екі-үш жылдан асты жоспарлы түрде ем ала алмай жүрмін. Маған жылына екі рет ауруханаға жату қажет. Жолдама берілмей, өз қалтамнан төлеп ем алудамын, — деп айта салғаным сол еді, қыздар аты-жөнімді жазып алып, мәселені қарастыруға уәде етті. Екі күн өткен соң маған аудандық ауруханадан хабарласты. Дәрігердің қабылдауында шақырды. Осылайша, дәрігер маған қажетті талдауларды тағайындады. Көп ұзамай ауруханаға жатудың күнін белгіледік. Таңдауым Қарағанды облыстық клиникалық ауруханасына түсті. Сәтін салса желтоқсанда екі апта ем алып, денсаулығымды дұрыстап қайтамын, – деген жаңаарқалық тұрғынның дауысынан қуаныш есіп тұрды.Қуанбағанда қайтсін?! Өз проблемасымен бетпе-бет қалып, тегін медицинадан түнілгенде МӘМС-ті ел санасына жеткіземін деп жүрген мамандар сөзін іспен дәлелдеді.
Бойында бір дерті барлардың сеніміне селкеу түсірмей, келер күнге үмітін жалғаған өз ісіне берілген мамандардың арамызда бары – қандай тамаша…

Өз тілшіміз

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *