Адал азамат- Адал еңбек

Еңбегі жақсының — өнбегі жақсы

Құрманғали Ақанұлы Досаев

Құрманғали Ақанұлы Досаев -1951 жылы 12 қыркүйекте Жаңаарқа ауданы, Орынбай ауылында дүниеге келген. 1972-1995 жылдары Целинный кеңшарының (қазіргі Орынбай ауылы) ауылшаруашылығын өркендетуге аянбай еңбек еткен. К-700 техникасымен жер жырту, егін егу, оны жинау, қар тоқтату, піскен егінді шашпай, төкпей орып алу жұмыстарына араласып, аянбай еңбек етті. Жұмыс мөлшерін асыра орындап, озат механизатор атанды. Еңбегі еленіп, 1982 жылы үшінші дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен марапаталған. Бірнеше мәрте Республикалық, облыстық, аудандық алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған. Отбасында жұбайы Светлана екеуі 3 қыз 2 ұл тәрбиелеп өсірді. Бәрі жоғары білімді, өмірден өз орындарын тапқан жандар. 2014 жылы зейнетке шығып, бейнетінің зейнетін көруде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *