Адал азамат- Адал еңбек

Еңбегі жақсының — өнбегі жақсы

Жангелді Серғазыұлы Шегиров

Жангелді Серғазыұлы Шегиров 1993 жылы Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Жаңаарқа негізгі мектебінің түлегі. 2009 жылы мектеп бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орнына түседі. Оқуды тәмәмдаған соң М.Жұмажанов атындағы ауылдық округінде мәдениет үйінің меңгерушісі қызметін атқарып келеді. Орталықтың қоғамдық жұмыстарына белсенді түрде ат салысып келеді. Өзіндік ерекшеліктері бар іскер, ұстамды, алдына талап қоя алатын, ісіне мұқият, әрдайым жаңаша бағытта жұмыс істейтін еңбек сүйгіш қызметкер десек артық болмас. Жангелді Серғазыұлының осы күнге дейін мәдениет және өнер саласында жеткен облыстық, аудандық жетістіктері өте көп. Сонымен қатар Жангелді Серғазыұлы жастарға үлгі болар, еліне елеулі-халқына қалаулы тұлға. Өн бойынан ізгіліктің лебі ескен Жангелді өнерлі жан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *