Адал азамат- Адал еңбек

Еңбегі жақсының — өнбегі жақсы

Айдос Кешубайұлы Төлеукенов Айдос

Кешубайұлы Төлеукенов — абыройы асқақ, келбетті, қара нардың жүгін көтерген қайыспас тұлға. Айдос Кешубайұлы 1971 жылы 10 желтоқсанда Жаңаарқа ауданында дүниеге келді. Отбасында алты бала. Әкесі-Кешубай мал шаруашылығында қызмет жасаған. Анасы-Әмина көп жылдар бойы сауда саласында ауыл дүкенінде жұмыс жасап, зейнетке шыққан. Ал, Айдос Кешубайұлы Жаңаарқа негізгі мектебінде 1-9 сыныпқа дейін білім алып, кейін Жаңаарқа ауданында И.В.Ленин атындағы мектепте 11 сыныпты тәмәмдайды. Кейін 2 жыл ауылдың мал бордақылау жұмыстары бойынша жұмыс істеді. 1990 жылы Жезқазған Политехникалық институтына “Инженер-механик” мамандығы бойынша оқуға түседі. 2 курс оқып жүргенде отбасын құрады. 1995 жылы оқуын тәмәмдайды. Сол уақыт аралығында шаңырағында 2 баласы дүниеге келеді. 1995 жылы ауылшаруашылық совхоздары тарап, жеке меншікке айналады. Мамандығы бойынша ауылда жұмыс табылмаған соң, аудан орталығында “Ертіс-канал” мекемесіне энергетик болып жұмысқа кіреді. Сол мекемеде 5 жылға жуық жұмыс істейді. 1990 жылдардың тоқырауы кезінде талай адамның тағдыры өзгеріп, мүлдем ойына келмеген шаруамен айналысуға мәжбүр болды. Ел- ерге, ер- жерге қараған шақта Айдос Кешубайұлы мықтылығын байқатты. Айдос өмірлік жары-Ардақпен бірге отбасылық жеке меншік кәсіп ашты. Сол кездерде шағын азық-түлік дүкенімен жұмыс жүргізе бастады. Содан бері осы уақытқа дейін осы кәсіпті дөңгелетіп, әрі қарай да дамыту үстінде. Одан бөлек Айдос Кешубайұлы өзінің мамандығы бойынша “Автокөліктерді жөңдеу” және де мал шаруашылығымен айналысып келе жатыр. Қазіргі таңда 3 бала тәрбиелеп отырған, үлгі тұтар азамат. Айта кетерлік жәйт, Айдос Кешубайұлы осы ауылда туылып, қызмет еткеніне ешқашан өкінген емес себебі: барлық ауыл азаматтарымен қарым-қатынасы, сыйластығы жарасқан. Айдос керек кезде кімге болса да көмек қолын созуға дайын тұрар
азамат. Ол кісі үшін ауылымыздың гүлденуі, дамуы бірінші орында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *