Алаяқтық арбауынан сақ болыңыз

Бүгінгі таңда ең кең таралып жатқан алаяқтықтың өте  қауіптісі – ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ғаламтордағы әккілер әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр. Интернет алаяқтық қазіргі қоғамның ең өзекті әрі маңызды мәселесіне айналды Кейінгі кезде алаяқтардың «Сіздің нөміріңіз бір ұтыста жеңімпаз атанды» деп кез келген кездейсоқ абоненттік нөмірге қоңырау соғуы немесе SМS-хабарламалар жіберуі жиілеп кеткен. Арам ниеттілер ұтысты басқа қаладан алып кетуді немесе жеңіп алған тауардың құнын пластикалық картаға аударуды ұсынады. «Айта кетерлік тағы бір жайт, интернет алаяқтықтың көпшілігі трансшекаралық сипатқа ие. Мәселен, бір қылмыстық істе қаскүнем басқа өңірде, кейде тіпті басқа мемлекетте жүруі мүмкін. Сол себепті қылмыстың бұл түрін ашуға бірталай уақыт жұмсауға тура келеді. Өйткені өзге елде жүрген күдіктінің немесе жәбірленушінің жеке тұлғасы мен мекен-жайын анықтау үшін шет мемлекеттегі құқық қорғау органдарына сұрау салу мен тапсырмалар жіберу міндетті болып саналады. Сонымен қатар, әрбір адам білуі керек бір ереже – банк қызметкері қоңырау шалып, ешқашан сіздің картаңыздың мәліметтерін сұрамайды, әсіресе бір жолға келген СМС-хабарламаны. Егер әлдеқандай нөмірден өзін банк қызметкерімін деп таныстырып, «ақшаңызды сақтандырылған шотқа ауыстырыңыз» десе сенбеңіз. Сөйлесу кезінде күдік туындаған жағдайда банк картасында көрсетілген банктің ресми нөміріне қоңырау шалыңыз. Қандай жағдай болмасын телефоныңызға келген банктің бір жолғы СМС-хабарламаларын ешкімге көрсетпеңіз, жібермеңіз. Құжаттарыңыздың көшірмесін ешкімге жолдамаңыз. Кез келген азамат осындай қарапайым ережелерді назарда ұстаса, алаяқтықтың азаюына әсері болар еді.

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *