Адам саудалау әлемдегі жайлаған қылмыс

«Адам саудалау» түсінігі дегеніміз- адамды алдап-арбап тасымалдау, бөтенге тапсырып, біреуден сатып алуды білдіреді. Адамдар құлдыққа әртүрлі жолмен түседі. Көп жағдайда жастарды «айлығы жақсы, тұруға барлық жағдай жасалған, некеге тұруға немесе жоғары білім алуға мүмкіндігің бар» деген ұсыныстармен еліктіреді. Әдетте мұндай қауіпке 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер, 18-25 жас аралығындағы жастар, 30 жасқа дейінгі жас әйелдер ұрынады. Сондықтан ресми қылмыстық жауапкершілікке тартылғандарды есептемесек құлдыққа түсіп, адам саудасының құрбанына айналғандар туралы тап басып айту қиын. Осыдан кейін жоғарыда аталған ұйым сияқты тәуелсіз институттар мониторинг нәтижесін, зерттеулерді негізге алып болжам жасауда. Адам саудасының алдын алудағы маңызды қадам – заңнамалық шектеулерді қатаңдату және заң талаптарын орындау жағын қамтамасыз ету. Өйткені заңның дұрыс орындалмауы қылмыс санын арттыруға алып келеді. Адам саудасының алдын алу және аталған қылмысқа қарсы ымырасыз күрес кез келген елдің, жеке азаматтардың назарындағы басты мәселелердің бірі болуы тиіс. Өйткені бұл адамның тағдыры, денсаулығы, өмірі, оның құқығының қорғалуы деген сөз. Адам баласы үшін бұлар ең басты құндылық.

Аудандық ішкі саясат бөлім

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *