«САЛАМАТТЫ ҚАЗАҚСТАН» ПОЙЫЗЫ АУДАНЫМЫЗДА

Жаңаарқа ауданының Бидайық ауылдық округіне қарасты 69 разьезге «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келді.

  • Айта кетейік, 2023 жылдың 26 ​​сәуірінен еліміздің ең үздік дәрігерлері, медиаторлары, психологтары және заңгерлерінің қатысуымен «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы» әлеуметтік жобасы іске асырылылуда.
  • Медициналық пойызды медициналық бөлімдері жоқ ауылдардағы азаматтар арнайы сұрау жасап, өтініштері негізінде «Самұрық-Қазына» АҚ және «Қазақстан темір жолы» АҚ әлеуметтік жобалар қорының қолдауымен ҚР Президенті жанындағы «Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі» ұлттық комиссияның Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп жасаған әлеуметтік жобасы.
  • Әлеуметтік жобаның мақсаты – ел аймақтарының шалғай станциаларында тұратын азаматтарға тегін медициналық, психологиялық, құқықтық және медиативтік (татуласу) көмек көрсету болып табылады.
  • «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы 2023 жылдың 26 ​​сәуірден бастап 6 желтоқсанына дейін еліміздің 17 облысындағы (Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан басқа) шалғайдағы станциялар арқылы қатынауды жоспарлаған.
  • ‍Осы орайда, аталмыш медициналық пойызы ауданымыздағы 69 разъезде 7-9 тамыз аралығында азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады.
  • Жоспарға сәйкес тұрғындарды терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, мамолог, педиатр және басқа да тегін тексеруден және емдеуден өте алады.
  • Пойыз заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен, ультрадыбыстық, флюорографиялық аппаратпен, шағын операциялық бөлмемен, зертханамен, сымсыз ғаламторға қолжетімді құралдарымен жабдықталған.
    ⏰Қабылдау уақыты: сағат 09.00-18.00. Түскі үзіліс: сағат 13.00-14.00. Пойыз демалысыз жұмыс істейді.
    Аудан тұрғындарын осындай зор мүмкіндікті пайдалана отырып, ТЕГІН медициналық қызмет алуға шақырамыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *