Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Жыл маусымының қай-қайсысының да өзіне тән ерекшеліктері болады. Суға шомылу маусымы болғандықтан, жаз мезгілінде су атты тілсіз жаудың торына түсіп жатқандар саны көбейеді. Сондықтан суға шомылғалы жатқан су айдындардың қауіпті жерлері мен ерекшеліктерін білуі тиіс, себебі жабдықталмаған орындарда батып кеткен діңгектер, темір кесектері, шыны және тағы басқа заттар болуы мүмкін.

Сонымен қатар, су арқылы жұқпалы аурулардың таралу қауіпі бар, атап айтқанда, ішек аурулары, қотыр, қышымаға душар болуы мүмкін. Ондай аурулар көбінесе  тұрып қалған суларда, тұйық су көздерінде кездеседі, себебі тұрып қалған су хлорланбаған, санитарлық тазалыққа сай емес. Сондықтан тек рұқсат берілген жерде ғана суға түсіңіздер!

Суға шомылар алдында су айдындарын тексеру қажет: суға шомылуға арналған орын құмды жағалауда және суға түсуге ыңғайлы болуы тиіс; суға шомылуға арналған орын суда өсіп тұрған ағаштардың, суға батқан бөрененің, түбінде шұңқыр мен ойықтың жоқтығын тексеріңіз.
Ұзақ уақыт бойы суға шомылу да адамдардың денсаулығына қауіпті, суға шомылу ұзақтығы негізінен ауа температурысына, суға және желдің күшіне байланысты екенін атап өткен жөн. Суға шомылудың аса қолайды режимдері бұл:
— су температурасы +180, суға шомылу уақыты 6-8 минут;
— су температурасы + 200, суға шомылу уақыты 10-12 минутке дейін.
Сонымен қатар тамақ ішкеннен соң 1,5 сағаттан кейін ғана суға шомылған жөн.

— Суға тек қана рұқсат етілген орындар мен жағажайларда шомылыңыздар.

— Суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз

— Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпаңыз.

— Техникалык ескерту белгілерінің, буйлардың және басқалардың үстіне шығушы болмаңыздар

— Тым ұзақ шомылмаңыз, тоңып қалуға дейін жеткізбеңіз, аяқ – қолыңыздың тырыспауын қадағалаңыз;

Судағы төтенше жағдайдың басты себептері: азаматтардың құтқарушылар күзетпейтін су айдындарында демалуынан, шомылуға жабдықталмаған және арналмаған жерлерде шомылуынан, судағы қауіпсіздік талаптарын білмеуінен әрі ұстанбауынан, ішімдік ішіп алып шомылуынан, жүзе білмеуінен, балалардың су жағасында ересектердің бақылауынсыз қалуынан болып тұр.

Есте сақтаңыздар! Судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы — суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.

Жаңаарқа аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *