Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жылына екі рет, наурыздан маусымға дейін және қыркүйектен желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жылына екі рет, наурыздан маусымға дейін және қыркүйектен желтоқсанға дейін жүргізіледі. 2023 жылғы көктемгі әскерге шақыруды қорытындылай келе, ҚР ҰҚК Шекара қызметіне, ҚР Қарулы Күштеріне, Мемлекеттік күзет қызметіне және ҚР ІІМ Ұлттық ұланына 43 ке жуық азамат шақырылғаны анықталды. Осы жылдың соңына дейін Жаңаарқа ауданы бойынша күзгі науқанға 60 қа жуық жасты шақыру жоспарланып отыр.

Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру мынадай негіздер бойынша берілетінін еске салды:

— отбасылық жағдайға байланысты (отбасы мүшелерінің біріне қарайтын, мүгедек жан бар болса, неке тұрып, бір немесе екі баласы болса);

— оқуын жалғастыру үшін (қашықтан оқығанда қоспағанда, оқу оқыған кезінде);

— денсаулығына байланысты (шақыру комиссиясының шешімімен);

— басқа да себептерге байланысты (оларға қатысты анықтау жүргізілетін құқық қорғау органдарына түсетін педагогтерге, дәрігерлерге, депутаттарға, ұшу экипаждары мен кемелерінің мүшелеріне).

«Қолда бар әлеуметтік пакет: тұрақты жалақы, тегін медициналық қамтамасыз ету, ерте зейнетке шығу, заттай қамтамасыз ету және жеке тұрғын үй сатып алу үшін тұрғын үй төлемдеріне қарай, мерзімді әскери қызметтен кейін келісімшарт негізінде қызметте қалуға ниет білдірген азаматтар аз емес.

 

Жарылғасынова Айсанат

Жастар ресурстық орталығының маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *