2023 жылдың 5 шілдесі күні Елорда күнінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты іс-шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

 

2023 жылдың 5 шілдесі күні Елорда күнінің 25 жылтық мерейтойына арналған салтанатты іс-шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурс жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аудан әкімі Қанат Шубайұлы Қожықаев жеңімпаз отбасыларды марапаттап, бағалы сыйлықтарын табыс етті.
Бас жүлде: Жаңаарқа кентінен Сейпішовтер отбасы.
1-орын: Орынбай ауылдық округінен Жунусовтер отбасы.
2-орын: Қызылжар кентінен Жайлаубаевтар отбасы.
3-орын: Байдалы би ауылдық округінен Ибраевтар отбасы иеленді.
Айта кетейік, «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне құжат қабылдау 2023 жылдың мамыр айынан бастап 1 шілдеге дейін жүзеге асырылды. Байқаудың мақсаты – отбасы институтын, отбасылық құндылықтарды нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауап-кершілігін арттыру, үлгілі қазақстандық отбасын насихаттау. 2023 жылдың 1 шілдесі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Әсет Жұмажанұлы Аманжоловтың төрағалығымен, комиссия мүшелерінің қатысуымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық кезең жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссия отырысына конкурсқа қатысушы отбасылардың толық құжаттары мен видео роликтері ұсынылып, жеңімпаз отбасылар анықталған болатын.
                                                                                                                                                                                                                  Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *