Құрметті жерлестер! Ардақты ағайын!

Баршаңызды Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Қазақ ұлтының ұлы тұғыры, Алаш жұртының асқақ айбары – Елордамызға биыл 25 жыл!

Тарих үшін қас-қағым сәт. Бірақ мынау өзгерістер өлшемі көз ілеспес жылдамдықпен жарысқан бүгінгі кезең үшін аз уақыт та емес сияқты. Қалай болғанда да, осы уақыт ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының астанасы қалыптасты. 25 жыл ішінде еліміздің бас қаласы – Астана шартарапты түгел тамсандырған тарихи құбылысқа айналды.

Елордамыз гүлденіп, халқымызды біріктіріп, әлемдік қоғамдастықта өзінің орнын нығайта беруіне тілектеспін. Тәуелсіз Қазақстан және оның асқақ Астанасы гүлдене берсін!
Қуанышты мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, жарқын жетістіктер мен құт-береке тілеймін. Елордамыз жарқырап, жайнай берсін!
Мереке құтты болсын!

Қанат ҚОЖЫҚАЕВ,
Жаңаарқа ауданының әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *