ҚЫМБАТТЫ БАЛҒЫНДАР, КІШКЕНТАЙ ЖАҢААРҚАЛЫҚТАР!

Сендерді бүгінгі халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі күн — сендер үшін ең маңызды күн. Себебі, бүгінгі күн өздеріңнің еншілеріңе тиген төл мейрамдарың болып есептеледі.

Бұл мерекені балалардың тыныштығы мен болашағын бүкіл әлем болып қорғалатын күн ретінде мерекелейміз.

Олай болса, бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтай отырып, өздеріңе болашақтарың жарқын, аспандарың ашық, елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар демекпін.

Сендерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеймін. Жазғы демалыстарыңның қызықты өтуіне шын жүректен тілектестігімізді білдіремін!

Құрметпен, аудан әкімі Қ.Ш.Қожықаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *