Құрметті жерлестер!

Бүгін бүкіл Қазақстандықтармен бірге тарих бетінде қастерлі күн болып саналатын 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні.

ХХ ғасырдың 30-40 жылдарындағы жаппай саяси қуғын-сүргін миллиондаған адамға қайғы-қасірет әкелді. Қазақ халқының көрнекті перзенттері — Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Сәкен Сейфуллин, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин және басқа да көптеген саңлақтарымыз қуғын-сүргін құрбандары болды.

1919-1922 жылдарда 1,5 млн. адам, 1931-933 жылдарда 2,5 млн. адам аштықтан қаза болды. 1946 жылдарда да болған аштық біздің аталарымыздың есінде қалды.

​Өткен XX ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болды. Қазақтың тілі мен мәдениетінен айырыла жаздадық. Ұлтымызға адам айтқысыз демографиялық соққы жасалды. Осыдан біз сабақ алып, болашақта мұндай оқиғаларды болдырмауымыз керек. Енді біздің алдымызда тұрған ең үлкен мақсат — тәуелсіздікті нығайту, еліміздің кемел келешегі жолында ынтымақ пен бірлікте еңбек ету.

Қазақстан халқының бірлігі жарасып, Отанымызда әрқашан бейбітшілік пен келісім, достық пен сенім орнасын! Елдігіміз еңселі, мемлекеттігіміз мәңгі болсын, ағайын!

Қанат ҚОЖЫҚАЕВ, Жаңаарқа ауданының әкімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *