Орталық алаңда Жеңіс күні мерекеленді

Бүгін аудан орталығының орталық алаңында Жеңіс күні атап өтілді. Шара барасында ең алдымен “Даңқ” монументі мен А. Дәулетбеков ескерткіштеріне гүл шоғын қою рәсімі өтті. Оған аудан әкімі Қанат Қожықаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Юржан Бекқожин, сондай-ақ аудан прокуроры, аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы, тыл, еңбек ардагерлері және мекеме, кәсіпорын басшылары қатысты.

Әрі қарай мерекелік шара басталып, аудан басшысы мерекелік құттықтау сөз сөйледі. Жиналғандар қаза тапқан батыр бабаларымызды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Мерекелік шарада “Ұлы жеңіске тағзым” тақырыбында театрландырылған қойылым қойылып, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері дайындаған концерттік бағдарламасымен жалғасты.

Сонымен қатар “Ауыл-Береке” ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі мен мерекелік сауда-саттық ұйымдастырылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *