Жаңаарқа ауданының әкімі Қанат Қожықаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!
Ардақты тыл ардагерлері!

Сіздерді бүкіл адамзат қауымына аса қымбат мереке 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы Жеңіс – аға ұрпақтың ерлігін мәңгілік ел есінде сақтауға мүмкіндік беретін ең қастерлі мереке. Баршамыз үшін бұл күннің орны да, орайы да бөлек. Себебі, бұл күні отан үшін отқа түскен Ұлы отан соғысының қатысушылары мен тыл ардагерлерінің ерліктерін дәріптейміз.

Бізге бүгінгі бейбіт күнді сыйлаған ата-бабамыз сұрапыл соғыстың соқпағынан өтіп, кең байтақ жерді қорғады. Бұл Жеңіс – олардың қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі.

Олай болса, Ұлы Жеңіс мерекесімен баршаңызды тағы да құттықтай отырып, Сіздерге, құрметті ардагерлер, шын көңілден денсаулық, ұзақ та жарқын, алаңсыз өмір, жақын адамдарыңыздың қамқорлығы мен ыстық ықыласын тілеймін!

Ізгі ниетпен, Жаңаарқа ауданының әкімі Қ.Ш.Қожықаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *