Жеңіс күніне орай «Жеңіс лентасы» таратылды

Бүгін ауданымызда «Жеңіс лентасын» тарату акциясы бастау алды.

Баршамызға белгілі, еліміздегі ең елеулі мерекелердің бірі – 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі жақындап келеді. Аталмыш акция осы мерекеге орай ұйымдастырылып отыр. Яғни, бұл патриоттық лента Жеңіс күнінің символын сипаттайды.

Бастау алған акция аясында
“Жеңіс лентасы” бүгін аудан әкіміне, әкім орынбасарларына және бірқатар бөлім басшылары мен мемлекеттік қызметшілерге, Чернобыль, ауған және тәжік-ауған соғысының ардагерлеріне табысталды.

Биыл патриоттық акция аясында ленталар ауданымызда 3-9 мамыр күндері аралығында таратылу жоспарлануда. Акцияға барлық салалық бөлімдер, кент және ауылдық округ әкімдіктері және жастар ресурстық орталығы жұмылдыруда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *