Аудан әкімі Қанат Қожықаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

Қадірменді жерлестер!

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Күні кеше ғана Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІ сессиясына қатысты.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде ел бірлігі мәселесін алға тартып: «Елімізде тұратын барлық этнос өкілдерінің жалпыазаматтық құндылықтарды құрметтеуі және өздерін Қазақстанмен байланыстыруы аса маңызды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы біздің үлкен жетістігіміз. Оны жан-жақты нығайтуға міндеттіміз» – деп атап өтті.
Бірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық болған жерде қашанда іс нәтижелі болатыны белгілі.

Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді. Келешекте мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді одан әрі жүзеге асыруда ауданымыздың әр тұрғыны зор жауапкершілікті сезініп, Отанымызға деген патриоттық сүйіспеншілікті жоғары ұстап, екпінді еңбек үлгісін көрсететініне сенімім мол. Берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз толымды істеріміздің ұйытқысы бола берсін!

Мерейлі мерекеде баршаңызға бақ-береке, ашық аспан, отбасыларыңызға амандық, кемел келешегімізді нығайтудағы еңбектеріңізге зор табыс тілеймін!Әрқашанда еліміздегі ұлтаралық татулық берік, ынтымақ пен бірлік мәңгі болсын!

Жаңаарқа ауданының әкімі Қ.Ш.Қожықаев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *