Аудан әкімі мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдады

Аудан әкімі Қанат Қожықаев аудандағы бірқатар мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдады. Әкімдіктің мәжіліс залында өткен қабылдауға тиісті мекеме басшылары да қатысты.

Кездесуде өмірдің қиындығына мойымайтын жандар өз мәселелерін жеткізді. Айта кетсек, жеке көмекші, шипажай және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған гранттар мен жеңілдетілген несиелер жайлы өтініш-сауалдарын айтты.

Сәйкесінше, қабылдауға келген жандардың өтініштері назарға алынып, сұрақтарына жауап берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *