Адал қызмет – полицияға міндет
Ішкі істер министрі полиция генерал -полковнигі Марат Мұратұлы Ахметжановтың ішкі істер органдарын реформалау нәтижелері, полиция қызметінің сервистік моделі, қылмыстық процестің үш буынды жүйесінің жұмыс принциптері секілді басты бағыт ұстанған жұмыстардың негізінде, полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу ұйымдастырылды.
Жезқазған және Сәтбаев қалаларының полиция жеке құрамымен кездесіп, тәртіп пен заңдылықты сақтау, қызметкерлердің тұрғындармен қарым-қатынаста әдептілік сақтауы, келіп түскен арыз-шағымдарға уақытылы ден қойып, шара қабылдауды тапсырдым. Ішкі істер министрлігі тарапынан қолға алынып жатқан игі бастамаларды жеке құрамға жеткізіп, полиция қызметкерлерінің әдептілігі мен тәртіптілігі басты бағытымыздың бірі екендігін еске салдым.
Облыста құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша еңбек етіп жүрген әр полицейге, жаңадан құрылған өңірде қызмет атқару үшін жағдай жасауға, қызметкерлердің тұрғын үй-әлеуметтік жағдайын жақсартуға, материалдық-техникалық жабдықтауға бар күш-жігерімізді саламыз.
Жеке құрамға қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету, қызметкерлердің заңдылық пен тәртіпті сөзсіз сақтауы, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі бойынша міндеттер жүктедім. Қазіргі уақытта облыс тұрғындарымен тығыз байланыс орнату мақсатында, әлеуметтік желіде «Көршілер бақылауы»телеграмм чаты іске қосылған. Бұл полиция мен тұрғындар арасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мақсатында жасалып отыр. Мойынымызға жүктелген міндеттерді орындап, ел тыныштығын сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау басты мақсатымыз!
Қайыркен ӘЛИЕВ,
Ұлытау облысы полиция департаментінің басшысы.