Прокуратура органдарында жеке қабылдау тәртібін түсіндіру және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында прокуратураға жүгіну тәртібін түсіндіру

Азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында прокуратура органдары тұрақты негізде жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды жүргізеді.

Азаматтарды қабылдауды прокуратура органдарының барлық деңгейдегі лауазымды тұлғалары: аудандық прокурорлардан бастап Бас Прокурор мен оның орынбасарларына дейін жүргізеді.

Жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Ұлытау облысы департаментінің бастығы, бастығының орынбасары және бөлім бастықтары жүзеге асырады.

Жоғарыда аталған лауазымды тұлғалармен қабылдау күн сайын, алдын ала жазылусыз, департамент бастығы бекіткен кестеге сәйкес жұмыс уақытында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жүзеге асырылады.

Жеке қабылдауға жазылу үшін, тұлғанын департаментке тікелей өтініш білдіруі, арыз жазып арқылы немесе 87711293605, 87058896879 телефон нөмірлері бойынша жүзеге асырылады

Қабылдау өтініштің кезектілігі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысына қатысушылар, оларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек ер» атақтары бар адамдар кезектен тыс қабылданады.

Қала сыртындағы келушілерді қолданыстағы кестеге қарамастан өтініш берген күні қабылданады.

Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі.

Қабылдау кезінде жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі өзінің жеке басын куәландыратын құжатты, ал басқа тұлғалардың атынан жүгінген кезде – олардың мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынады.

Өтініш берушілердің келісімімен қабылдау бейнеконференцбайланыс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Егер мәселені қабылдау кезінде шешу ұсынылмаса, өтініш жазбаша нысанда баяндалады және онымен одан әрі жұмыс жазбаша өтініш ретінде жүргізіледі.

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *