Өңірді дамыту – өзекті мәселе
Жезқазған қаласын дамыту мәселелері бойынша кеңес басталды. Кездесуді Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы ашты.
Жиынға Жезқазған қаласының әкімі Қ. Шайжанов, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС Басқарма Төрағасы Н.Нұриев, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, өңірдің БАҚ өкілдері қатысуда.
Еске салайық, бүгін сағат 11:30-дан бастап Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлының төрағалығымен Жезқазған қаласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңестің мәтіндік онлайн-көрсетілімі өтеді.