Биыл елде соңғы қоңырау алғаш рет 1 маусымда өтеді

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсенбаев мәлімдеді.

Министр оқу жылының ұзаруы мен соңғы қоңырауды 1 маусымда тойлауға қатысты ата-аналар тарапынан шағымдарға жауап берді.

«Көптеген ата-ана 25 мамырды қайта қайтару туралы айтуда. Шешім қабылдап, биыл бірден іс жүзінде қолдану соншалықты оңай нәрсе емес. Бұл бұған дейін қабылданған оқу жоспарына әсер етеді. Өйткені мұғалімдердің сағаты мен оқу материалының жоспарланған көлемі бар. Қабылданған шешім осы жылы жүзеге асырылатын болады», — деді министр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *