Дизель бағасы шарықтап барады

Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов елдегі жанармай нарығындағы ағымдағы жағдай мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасаған болатын. Оның мәлімдеуінше, соңғы 5 жылда елімізде бензин шығару көлемі 70 пайызға, ал, дизельдік отын өндіру 30 пайызға артқан.

Сонымен қатар Энергетика министрлігінің ақпараты бойынша үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұнай өңдеу көлемі 3 млн.тоннаға өсті. Қазір жылына шамамен 17 млн.тонна шикі мұнай өнделеді.
Соңғы 5 жылда біз бензин шығару көлемін 70%-ға (3 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін), дизельдік отынды — 30%-ға өсірдік (4 млн-нан 5,2 млн. тоннаға дейін), — деді Болат Ақшолақов.

Асхат ҚАЙРАТҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *