Қырағылық – қауіпсіздік кепілі

Балалардың жол-көлік апатынан жарақаттануының алдын алу, көшелер мен жолдардағы қауіпсіздік шараларын күшейту, балаларға жол ережесін үйрету мақсатында 27 наурыз бен 10 сәуір аралығында облыс аумағында “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” кең ауқымды жедел-профилактикалық іс-шара өткізіліп жатыр.

Жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде Жезқазған қаласының полиция басқармасы патрулдік полиция ротасының қызметкерлері бүгін №22 мектепте бастауыш сынып оқушыларына жол ережесін түсіндірді. Балаларға жол ережесін көрнекі құралдар арқылы үйретіп, жаяу жүргінші белгісін, бағдаршамның жасыл түсіне өту секілді басты ережелерді үйретті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *