Сәуірде бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады

Ұлытау облысы бойынша жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 4500-ге жуық бала (ауылдық мектептерге-900, қала мектептеріне-3600) қабылданады.

❇️Бірінші сыныпқа қабылдау 3 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады.
​Құжаттар www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және мектептердің кеңсесі арқылы қабылданады.

❇️Мектепке алдымен мектептің аумағына қарасты мекенжайда тұратын 3 бала, содан кейін бекітілген аумақтан тыс мекенжайда тұратын 1 бала қабылданады (3+1).

❇️2023 жылы 6 жасқа толатын балалар 1-сыныпқа ата — анасының немесе заңды өкілінің (сот шешімі, сенімхат негізінде) өтініші негізінде қабылданады.

❇️1-сыныпқа қабылдау үшін келесі құжаттар талап етіледі:
➢ жеке басын растайтын құжаттың түпнұсқасы (түпнұсқасы сәйкестендіру үшін қажет, ол көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады);
➢ № 065/у нысанды денсаулық жағдайы туралы анықтамасы;
➢ 026/у-3 баланың денсаулық паспорты;
➢ екі дана 3х4 фотосурет.

❇️Өтініш және құжаттар жұмыс күндері сағат 9.00-18.30 (түскі үзіліс 13.00-14.30) аралығында қабылданады.

❇️1-сыныпқа қабылдау барысында гимназиялардан басқа мектептерде баланың дайындық деңгейін бағалау емтихандары жүргізілмейді.

❇️Гимназиялардың 1-сыныптарына қабылдау емтихандары гимназия директоры бекіткен кестеге сәйкес 15 маусымға дейін өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *