Биыл 400 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады
1-сыныпқа қабылдау үшін өтініш беру 3 сәуірде басталып, тамыздың 1-не дейін жалғасады.
Мемлекеттік білім беру қызметі egov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы мен жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерінде қолжетімді. Балалар бірінші сыныпқа алты жастан бастап ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады.
Қандай құжаттар қажет?⤵️
✔️Куәлік;
✔️№065у формасындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама;
✔️026/у-3 денсаулық паспорты;
✔️2 дана 3*4 фотосурет.
Өтініштер демалыс және мереке күндерді қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.