А. ҒИНИЯТ САНКТ-ПЕТЕРБУРГТЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Санкт-Петербург қаласындағы «Дені сау қоғам» ТМД кеңістігіндегі халықаралық форумның жұмысына қатысты.

Форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде А. Ғиният Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің алдына халықтың қажеттіліктеріне сәйкес келетін денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті, пациентке бағдарланған моделін қалыптастыруға бағытталған нақты ауқымды міндеттер қойылғанын атап өтті. Мәселен, бұл модель негізгі бағыттары ДДҰ стратегиялық құжаттарының басымдықтарына сәйкес келетін «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы шеңберінде табысты іске асырылуда.

Сондай-ақ, ауылдық жерлерде медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға арналған «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының рөлі атап өтілді.

Форумның шеңберінде министр А.Ғиният бастаған қазақстандық делегация бірқатар кездесулер өткізді, оның барысында фармацевтика өнеркәсібі саласындағы әріптестік қатынастарды дамыту, ғылыми әлеуетті пайдалану және білім беру жобаларын іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.

А. Ғиният «Русбиофарм» компаниялар тобының президенті Пуния Сатия Карм мырзамен және бизнесті дамыту жөніндегі вице-президент Денис Новаковскиймен әңгімелесуде шетелдік инвесторлар тартылған жағдайда мемлекеттік қолдау шаралары есебінен қазақстандық тараптың жемісті ынтымақтастыққа және саланы дамытуға дайындығы туралы мәлімдеді.

Делегацияның келесі баратын орны 1980 жылы құрылған В.А. Алмазов атындағы Ұлттық медициналық зерттеу орталығы болды. Кездесу барысында тараптар медицина ғылымын дамытуға, білім беру мен емдеудегі үздік тәжірибелермен алмасуға, елдер арасындағы интеграцияны одан әрі тереңдетуге қызығушылық танытты.

Іс-шара барысында Министр бастаған қазақстандық делегация МСАК, денсаулық сақтауды цифрландыру, корпоративтік денсаулық, медицинадағы жоғары технологиялар, медициналық туризм, жаңа қауіптердің алдын алу, медицина ғылымын дамыту және т. б. мәселелерін талқылауға арналған қатар сессияларға қатысты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *