Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі

Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және сарапшылар ортасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауы қызу талқыланып жатыр.

Осы орайда, 3 негізгі мәселеге назар аударғым келеді.
Біріншіден, Мемлекет басшысының ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы тұсында жасаған бұл Жолдауы басымдықтарды айқындап, мемлекет пен қоғамның әрі қарай даму бағытын белгілеп қана қоймай, сонымен бірге осы жылдар аралығында жүріп өткен жолымызды да қорытындылайды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауының басында айтқандай, «Қазақстан Тұңғыш Президентіміз – Елбасының дара саясатының арқасында табысты ел ретінде бүкіл әлемге танымал болды. Ең басты жетістігіміз – біртұтас ел болып, жаңа мемлекет құрдық. Іргемізді бекітіп, еңсемізді тіктедік. Халықаралық қауымдастықтың белді мүшесіне айналдық. Тұрақты қоғам қалыптастырып, орнықты даму жолына түстік».
Қазақстан – бүгінде іргесі берік, тұғыры мығым мемлекет. Мұны ішкі саяси тұрақтылығы, бейбіт сыртқы саясаты және жалпы орнықты экономикасы қамтамасыз етіп отыр.

Айдана Әбілдина.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *