ӨҢІРДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖОБАЛАРЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

«Әділет» партиясынан облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ақжол Құрмансейіт, Светлана Жұмкина, Виктория Ставицкая және Диас Алтынбек Жезқазған мыс зауытының еңбеккерлерімен кездесті.

Кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, алдағы жылдары Ұлытау облысында жүзеге асырылатын ірі құрылыс жобалары жайында ақпарат берді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңде Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында құрылыс саласын дамытуға ерекше назар аударылған болатын. Осы бағытта 2028 жылға дейін Ұлытау облысында бірқатар маңызды нысанның құрылысы жоспарланған. Атап айтқанда, алты медициналық нысанның құрылысы қолға алынбақ. Сонымен қатар білім беру инфрақұрылымын дамытуға да басымдық беріліп отыр. Бұл туралы кандидат Светлана Жумкина кеңінен тоқталды.

Атап өтсек өңірде мемлекеттік университеттің құрылысы жүргізіледі. Сондай-ақ Жезқазған қаласында 400 орындық лагерь салу, 16 мектепке дейінгі білім беру ұйымына күрделі жөндеу жүргізу және 17 мектепті реновациялау көзделген.

Бұдан бөлек, балабақшадағы орын тапшылығын азайту мақсатында 920 орындық жаңа балабақшаның құрылысы басталады.

Кандидаттар аталған жобалардың өңір тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға және білім беру мен денсаулық сақтау салаларын дамытуға зор үлес қосатынын атап өтті.

«Әділет» партиясы сайлауалды бағдарламасында көзделген осы бастамалардың жүзеге асуына қолдау көрсетіп, олардың орындалуын бақылауда ұстауды міндетіне алады.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *