Білім саласын дамыту мәселелері талқыланды

«Әділет» партиясынан Ұлытау облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Мұрат Мәткенов Ұлытау ауданындағы №1 жалпы білім беретін мектебінің ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырып, білім беру саласын дамытуға бағытталған негізгі басымдықтарға тоқталды.

Атап айтқанда, ауыл мен қала мектептері арасындағы білім сапасы алшақтығын азайту, білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жаңарту, педагогтердің құқықтарын қорғау, олардың кәсіби дамуына жағдай жасау және жас мамандарды өңірге тарту мәселелері сөз болды.

Сонымен қатар бюджет қаражатының тиімді жұмсалуын бақылау, білім беру саласындағы өзекті мәселелерді ашық талқылау және оларды шешу жолдарына назар аударылды.

Кездесу барысында мектеп ұжымы оқу процесін жетілдіру, мектеп инфрақұрылымын жақсарту және педагогтерге әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша өз ұсыныс-пікірлерін білдірді. Кандидат ұстаздар қауымы көтерген мәселелерді назарға алды.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Ұлытау облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Тапсырыс беруші: Құрмансейіт А.А.

Ұлытау облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімін ұсынған «Әділет» партиясы»ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *