Жаңаарқа ауданында мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-тренинг өтті
Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі ММ-нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жүзеге асырылып жатқан «Жаңаарқа ауданының тұрғындары үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды түсіндіру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» жобасы аясында Сәкен Сейфуллин атындағы кітапханада мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Іс-шараның спикері – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының спикері Тоқатов Руслан Алтайұлы. Семинар барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілер арасында адалдық пен парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
#Жаңаарқа #СыбайласЖемқорлыққаҚарсы #АдалҚоғам #МемлекеттікҚызметші
