«Бақытты отбасы – бақытты ел» отбасылық сайысы өтті!
Отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Жаңаарқа ауданының Жастар ресурстық орталығы мен спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Бақытты отбасы – бақытты ел» атты отбасылық сайыс өткізілді.
Сайыс барысында отбасылар түрлі қызықты әрі спорттық кезеңдер бойынша бақ сынасып, ұйымшылдықтарын, шапшаңдықтарын және тапқырлықтарын көрсетті. Әрбір кезең қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген қолдауын арттыра түсті. 🏆
Осындай тағылымды шаралар арқылы отбасылық құндылықтарды нығайтып, салауатты әрі бақытты ұрпақ тәрбиесіне үлес қосу – басты мақсатымыз.
Барша қатысушы отбасыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз!
Отбасыларыңызға амандық, береке, бірлік пен бақыт тілейміз! ❤️
Бақытты отбасы – берекелі қоғамның негізі!
Бақытты отбасы – бақытты ел! 🇰🇿
