🔹ЕҢБЕК ЕРІНЕ – ЕЛ ҚҰРМЕТІ

🔹ЕҢБЕК ЕРІНЕ – ЕЛ ҚҰРМЕТІ

__________________________________

🔹Ауданымызда Социалистік Еңбек Ері, Еңбек Қызыл Ту және Ленин ордендерінің иегері, Жаңаарқа ауданының Құрметті азаматы Шалғынбай Ынтықбаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған «Дала төсін дүбірлеткен ер» атты тағылымды еске алу кеші өтті. Еске алу кешін аудан әкімі Қанат Қожықаев ашты.

🔹Саналы ғұмырын туған жердің өсіп-өркендеуіне арнаған Шалғынбай Ынтықбаев 1952–1995 жылдар аралығында 43 жыл бойы қой шаруашылығында аянбай еңбек етіп, маңдай терімен ел құрметіне бөленді. Оның қажырлы еңбегі Социалистік Еңбек Ері атағымен, Еңбек Қызыл Ту және екі мәрте Ленин ордендерімен, көптеген медальдармен жоғары бағаланды.

🔹Мерейтой аясында ардақты азаматтың өнегелі өмір жолы кеңінен насихатталып, еңбек адамының қоғамдағы орны дәріптелді. Сондай-ақ «Екі батыр – ел мақтанышы» кітабының тұсаукесері өтіп, «Еңбектің жарық жұлдызы» атты аймақтық жазба ақындар мүшайрасының жеңімпаздары марапатталды. Атап айтсақ,

🥇1- орын жүлдесі — 1 млн. тг. иегері — Ерік Нарын. Қарағанды қаласы. 

🥈 2-орын жүлдесі — 700 мың тг. иегері — Абай Ораз. Жезқазған қаласы. 

🥉 3-орын жүлдесі– 500 мың тг. иегері — Айзада Рахымжан. Жаңаарқа ауданы. (Астана қаласы тұрғыны). 

Мүшәйра жеңімпазын Қазақстың аймандай ақыны ақыны, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Серік Ақсұңқарұлы марапаттады.

🏅Сәкен Сейфуллин атындағы жүлде (300 мың тг.) — Жәлел Қуандық. Қарағанды қаласы.

🏅Ақселеу Сейдімбеков атындағы жүлде (300 мың тг.) — Ернат Кемалов. Жаңаарқа ауданы.

🏅Сайлаухан Нәкенов атындағы жүлде (300 мың тг.) — Дәуренбек Бұланбаев Қарағанды қаласы.

Жұмағали (Октябрь) Шалғынбайұлы атындағы жүлде — Талғар Боранқұлов. Жаңаарқа ауданы.

Мүшәйра демеушісі: Шалғынбаевтар әулеті.

🔹Осындай тағылымды шаралар арқылы адал еңбек пен елге қызмет етудің жарқын үлгісін кейінгі ұрпаққа насихаттау – баршамыздың ортақ міндетіміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *