Тегін дәрі-дәрмек – әр азаматтың заңмен кепілдендірілген құқығы

Халықтың денсаулығын сақтау – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі. Осы мақсатта елімізде азаматтарды тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істейді. Бұл мүмкіндік созылмалы және әлеуметтік маңызы бар аурулармен диспансерлік есепте тұрған азаматтарға амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмек алуға жағдай жасайды.

Тегін дәрілік қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен тізімге сәйкес жүзеге асырылады. Артериялық гипертония, қант диабеті, бронх демікпесі, жүрек-қан тамырлары аурулары, онкологиялық және басқа да бірқатар аурулары бар пациенттер дәрігердің тағайындауы бойынша қажетті дәрілік заттарды тегін ала алады.Тегін дәрі-дәрмек алу үшін азамат ең алдымен өзі тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерге қаралуы қажет. Дәрігер пациенттің денсаулық жағдайын бағалап, қажетті тексерулерден өткізеді және медициналық көрсетілім болған жағдайда электрондық рецепт рәсімдейді. Осы рецепт негізінде дәрі-дәрмек емхана бекіткен дәріхана арқылы тегін беріледі.

Дәрі-дәрмектің үздіксіз берілуі үшін пациент диспансерлік бақылаудан уақытылы өтіп, дәрігердің қабылдауына белгіленген мерзімде келіп тұруы маңызды. Бұл аурудың асқынуының алдын алып, емнің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Тегін дәрілік қамтамасыз ету – азаматтардың денсаулығын қорғауға бағытталған маңызды әлеуметтік қолдау шараларының бірі. Сондықтан әрбір тұрғын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, профилактикалық тексерулерден уақтылы өтіп, дәрігердің ұсынымдарын орындағаны жөн.

Егер тегін дәрі-дәрмек алу тәртібі бойынша сұрақтар туындаса, өзіңіз тіркелген емханадағы учаскелік дәрігерге немесе дәрілік қамтамасыз етуге жауапты маманға хабарласуға болады.

Денсаулық – баға жетпес байлық. Оны сақтаудың ең тиімді жолы – аурудың алдын алып, дәрігер кеңесіне уақытылы жүгіну.

 

                                       М.а. медициналық бөлім жөніндегі директордың       орынбасары 
                                                                                            Қазақбаева Азиза Абдумуминовна

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *