Сайлаушылар тізімінде өзіңізді қалай тексеруге болады?

Сайлаушылар тізімін әкімдіктер жасайды, оған дауыс беру күні 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығы бар және сол учаскеде тіркелген азаматтар енеді. Айта кетейік, Құрылтай сайлауы 2026 жылғы 23 тамызға белгіленген. 23 тамыздағы сайлауда 18 жасқа толған кез келген қазақстандық дауыс бере алады. Ең бастысы — өз учаскеңіздегі тізімде бар-жоғыңызды тексеру. Қазақстан азаматтары алдағы Құрылтай депутаттары сайлауында өздерін тізімнен мына әдістер арқылы тексере алады:

  • Әкімдік сайты: Тұрғылықты жеріңіз бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) интернет-ресурсына кіру.
  • Call-орталықтар: Жергілікті әкімдіктердің call-орталықтарына немесе 109 нөміріне қоңырау шалу.
  • Мобильді қосымшалар: жергілікті мемлекеттік мобильдік қосымшалардың «Сайлау учаскесі» категориясы арқылы.

2026 жылғы 7 тамыздан бастап өзіңіздің сайлау учаскеңізде Сізге Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуға құқығы бар сайлаушылардың тізіміндегі өзіңіз туралы мәліметтерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Өзгерістер енгізу немесе нақтылау қажет болған жағдайда учаскелік сайлау комиссиясына өтінішпен жүгінуге құқылысыз.

Жаңаарқа ауданының аумақтық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                             М.А.Мұқатаев

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *