ҚОНАҚ КӘДЕ – ЖАҢА ДЕМАЛЫС МЕКЕНІ
Орынбай ауылдық округінде ауыл тұрғындарының сұрауы бойынша «Қонақ кәде» демалыс орны ашылды. Демалыс орнының ел игілігіне берілуі — тұрғындар үшін, әсіресе балалар мен жастар үшін тамаша жаңалық. Бұл жерде серуендеуге, таза ауада уақыт өткізуге, ауыл қонақтарын күтіп алып, шығарып салуға барлық жағдай жасалғаны қуантады.
🔹Сондай-ақ, «қонақ кәде» сөзі қазақ дәстүрінде «қонақтан ән немесе өнер сұрау» деген мағынаны білдіретіндіктен, демалыс орынында ұлттық колорит пен осындай этно-бағытты ұстанатынын атап өтуге болады.
«Қонақ кәденің салынуына аудандық бюджеттен 6 млн. 258 мың теңге, ал жергілікті бюджеттен 9 млн. 363 мың теңге бөлінді», — дейді ауыл әкімі Жүнісбеков Жұбаныш.
