Сайлауға асыққандар қарасы – қалың

Жексенбі күнгі таңғы сағат 07.00-ден Жаңаарқа ауданы орталығында сайлауға байланысты қарбалас басталып кеткен. Дауыс беріп, таңдауын жасаймын деген сайлау учаскесіне асыққандар қарасы қалың. Жалпы, аудан бойынша 29 сайлау учаскесі бар.

– Бүгін алғаш рет сайлауға қатыстым. Бойымда әлдебір қобалжыған сезім болды. Таң атысымен сайлау учаскесіне барып таңдауымды жасадым. Даусымның маңызды екенін білемін. Учаскелерде санитарлық талаптардың да күшейтілгені мені қуантты, – дейді Азамат есімді студент.

Ал, сайлау учаскесінде ешқандай құқық бұзушылықтар тіркелмеген. Түс ауған шақ болса да аудан тұрғындары келіп, таңдауларын жасауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *