Қалам мен лауазымды қатар өрген: Әсет Аманжолов Жазушылар одағының мүшесі атанды

Мемлекеттік қызмет пен шығармашылықты қатар алып жүру — екінің бірінің қолынан келе бермейтін, үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс. Осындай қос аққан өзендей егіз өнерді серік еткен аудан әкімінің орынбасары Әсет Жұмажанұлы Аманжолов Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі атанды. Көптен күткен бұл қуанышты жаңалық шығармашылық қауым мен жерлестерін ерекше толқытты.

Жақында өткен салтанатты шарада Әсет Жұмажанұлына аталмыш одақтың арнайы куәлігі мен төсбелгісі табысталды. Бұл — ақынның әдебиет айдынындағы еңбегінің ресми мойындалуы мен шығармашылық биігінің айқын көрінісі.

Әсет Жұмажанұлы жастайынан сөз өнеріне бейім болып, қасиетті қаламды өзіне серік етті. Оның өлеңдері жай ғана ұйқас емес, өмірдің өзін суреттейтін, жырмен өрнектелген шынайы туындылар. Ақынның нәзік иірімдер мен терең пәлсапаға толы өлеңдері оқырман қауымның жүрегіне жол тауып, көпшіліктің ықыласына бөленіп үлгерді.

Әсет Жұмажанұлын Қазақстан Жазушылар одағының мүшелігіне қабылдануымен және төсбелгісінің табысталуымен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге саясат айдынында сындарлы шешімдер қабылдайтын білікті басшы, ал өнер әлемінде қаламы қарымды, шабыты тасыған ақын болуды тілейміз. Ел игілігі жолындағы қызметіңіз бен әдебиеттегі ізденістеріңіз әрдайым табысты болсын! Құтты болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *