Жаңаарқа халқы Меруерт Өтекешоваға ат мінгізді
Жаңаарқа халқы Меруерт Өтекешоваға ат мінгізді
Ұлытау облысы тұрғындары Қазақтың Қыз Жібегі – Меруерт Өтекешоваға ат мінгізді.
Жаңаарқа ауданында республикалық «Арқа аруы» республикалық байқауы өтті. Депутат Аманжол Әлтай бұл байқауды дүниеден өткен әйелі Ақмарал Әлтайдың рухына арнап өткізген.
Іс-шараға Жаңаарқадан шыққан азаматтар жиналған. Ішінде Қанат және Света Айтбаевтар, тележүргізуші Динара Сәтжан да бар.
Қонақ ретінде Қазақстанның Халық әртісі Меруерт Өтекешова шақырылған.