🌟 «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2026» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ 🌟

Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.

📌 Төмендегі отбасылар конкурсқа қатыса алмайды:

1️⃣Қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар;
2️⃣Бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды.

📂 Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар тізімі:
1️⃣ Ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2️⃣ Асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін – жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3️⃣ Неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4️⃣ Ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5️⃣ Балаларды тәрбиелегені үшін алған көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6️⃣ Балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7️⃣ Ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

8️⃣ Отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

📅 «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық конкурсына құжаттар 2026 жылғы 15 мамыр – 15 маусым аралығында қабылданады.

📍 Құжат қабылдау орны:
Жаңаарқа ауданы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімі
Тәуелсіздік даңғылы, 5

📞 Байланыс телефоны:
8 (71030) 2-83-82

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *